7 қазан күні Республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелері туралы брифингте Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 284 487 адамды құрады. Дауыс беруге 7 820 204 адам қатысты.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 561 937 адамды құрады.
Орталық референдум комиссиясының есебінше, елімізде АЭС құрылысын дауыс бергендердің 71,12 пайызы немесе 5 561 937 азамат қолдаған. Ал 2 045 271 қазақстандық атом электр станциясын салуға қарсы болған.
Сонымен қатар 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған. Жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетень саны 82 729.