Шығысқазақстандықтар V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында арқан тартыстан күміс жүлдеге ие болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-09-2024, 13:00 0

Шығыс Қазақстан облысынан келген Қазақстан ерлер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткізілген арқан тартыстан финалдық кезеңінде ресейліктермен күш сынасты. 
Финалдық бәсекеде ресейліктер шығысқазақстандықтардан 2:1 есебімен басып түсті. Жеңіске жеткен Ресей Федерациясының құрамасы 3 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Қазақстандықтар күміс жүлде мен екі миллион теңгенің сертификатымен марапатталды. 
Қырғызстан құрамасы қола медаль мен бір миллион теңге табысталды. 
Шығысқазақстандықтардың кәсіби бұл спорт түрімен айналысқандары жарты жыл болған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар