«Көшпенділер әлемі» этноауылында шығысқазақстандық өнерпаздардың қатысуымен «Думанды дала» концерті өтті.
Концерттің шымылдығын танымал композитор, вокалдың сирек кездесетін түрі көмеймен ән орындаушы Еділ Хұсайынов ашты.
– Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан театр әртістері, облыстық филармония, әртістер, қолөнершілер, мұражай қызметкерлері – барлығы 400-ге жуық адам келді. Бүгін өнерпаздарымыздың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Елорда тұрғындары біздің шығармашылығымыз бен мәдениетімізді жоғары бағалады. Шара аясында «Барқытбел» этно-ансамблінің де концерті өтеді, - деді Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.