ШҚО-да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-09-2024, 17:30 0

4 қыркүйек күні Отбасы күніне орай С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 5 ғимаратында  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. 
2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Ал биыл облыс бойынша   байқауға қатысуға 136 өтінім берілген. 
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Алтай қаласынан келген Қыдырхановтар отбасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Екінші орын Ұланнан келген Нажитбан жанұясына берілді. Жүлделі үшінші орынды Зайсан ауданынан келген Бозтаевтар отбасы иеленді. Глубокое ауданынан Тоқтаубаевтар, Катонқарағай ауданынан Жатағановтар, Күршім ауданынан Нұрсадықовтар, Тарбағатай ауданынан Жүрекбаевтар, Самар ауданынан Мұрсәлімовтер, Шемонаиха ауданынан Сабырбековтер, Риддер қаласынан Оразаевтар, Өскемен қаласынан Гумаровтар отбасы арнайы сыйлықтармен және дипломдар табысталды. 
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы төрт баланы тәрбилеп отырған Қыдырхановтар отбасының отағасы Аслан Қыдырханов  көркем еңбек пәнінің мұғалімі, қолөнер шебері, ағаш өңдеумен айналысады. Жұбайы Ардақ Әуелбекқызы математика пәнінен сабақ береді.  

– Отбасы – өткенді, болашақты және бүгінді біріктіретін бірегей әлеуметтік институт. Отбасы – елдің, мемлекеттің тірегі. Бір-бірін құрметтеудің, жақындарына қамқорлық жасаудың, мейірімділіктің ең маңызды адамгершілік қағидалары отбасында қаланады. Бүгін біз залға ауданымыздың гүлденуіне, балаларды мейірім мен отансүйгіштік рухын тәрбиелеуге зор үлес қосып жүрген дәл осындай отбасыларды жинадық, - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив