Топқайың ауылы ақындарды қарсы алуға дайын - ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:05 0

Катонқарағайда өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі қарсаңында Топқайың ауылында абаттандыру және ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асты. 

Бүгін Топқайың ауылында қазақтың көрнекті жазушысы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған поэзия фестивалі өтеді. Осыған байланысты ауылда қызу дайындық жұмыстары жүргізілді. Табиғат аясындағы шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Катонқарағай ұлттық саябағының қызметкерлері сахна құрып, көрермендерге арналған орындықтар орнатты. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға сай дәретханалар орналастырылды.

Ауыл тазалығы мен эстетикасы да назардан тыс қалмады. Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен учаскелік полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоршауларды ретке келтіру, көшелердің көркейтілуі мен тазалықты сақтау туралы ұсыныстар айтты.

Топқайыңға кіреберістегі арка боялып, аялдама маңына қоршау орнатылды. Сонымен қатар, Белқарағай ауылына төтенше жағдайлар бөлімінің тапсырмасына сәйкес инертті материалдар жеткізіліп, бұл жұмыс округ әкімі Айбек Елшібековтің тікелей бақылауымен атқарылды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив