Катонқарағайда автожол бойындағы павильондар жаңартылып жатыр  

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:32 0

Катонқарағай ауданы арқылы өтетін республикалық маңыздағы автожол бойында автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. 

Бірқатар елді мекендерде заманауи жаңа павильондар орнатылып, бұрыннан бар аялдамалар жөнделіп, абаттандырылып жатыр.

Жұмыстар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басты назарға алынып, жүргізіліп келеді. Барлық аялдамалар қоршалған — бұл малдың кіруін болдырмауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

      Жаңартылған павильондар ауа райынан қорғайды және шалғай ауыл тұрғындары үшін қоғамдық көлікті күту процесін әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив