Шығыс Қазақстандағы мектептердің жанына 90-нан астам жаңа жол белгілері орнатылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-09-2024, 14:30 0

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік полиция қызметкерлері облыс бойынша жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, білім беру мекемелеріне іргелес жатқан жол нысандарына 210-нан астам зерттеу жүргізді. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен елді мекендердің жол желілеріне 90-нан астам жол белгілері орнатылып, ауыстырылды. 98 мектеп маңына ақ-сары көлденең «Зебра» жол белгілері, 51 білім нысанына жасанды жол дөңестері орнатылды. 

«Назар аударыңыз – балалар!» - Шығыс Қазақстан  облысының полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне дәл осындай үндеу жасап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мектептер мен балабақшалардың жанында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы, әсіресе аулаларда көлік жүргізгенде жолда сақ болуды ескертеді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар