Диссертация жазу кезінде жасанды интеллектті пайдалануға рұқсат берілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 22-08-2024, 16:00 0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертацияларды жазу кезінде жасанды интеллектті пайдалану ережелерін түсіндірді. 

– Жасанды интеллектімен жұмыс істеу тақырыбына келетін болсақ, біз қазір жоғары білім саласында өзіміздің заңнамалық ережелерімізді өзгертіп келе жатырмыз. Мысалы, қазір біз магистрлік, докторлық немесе студенттік диссертация жазуда жасанды интеллектті пайдалануға рұқсат береміз. Бір ғана шарт бар - «бұл мәтін жасанды интеллект көмегімен жасалған» деп көрсетілуі керек. Содан кейін бағалаушы оқытушы студенттің ақпараттық технологияны қалай пайдаланғанын қарайды, - деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Саясат Нұрбек айтуынша, біз жасанды интеллектті түсіне білуіміз керек және бірте-бірте бірінші кезекте мұғалімдерге, содан кейін оқушыларға жасанды интеллектті қалай дұрыс қолдану керектігін үйретуіміз керек. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив