Бүгін «Шығыстүстімет» ЖШС-нің «Ертіс» шахтасында болған апаттың салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері мен мердігер мекеменің екі қызметкері қаза тапты.
Тағы бір жарақат алған қызметкер қазір ауруханада.
-Бұл отбасы мен туғандары үшін орны толмас қайғы. Қаза тапқандардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел штаб құрылды.
Апаттың себебі болжам бойынша газбен улану. Оқиға орнына тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері жіберілді.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Жағдай менің жеке бақылауымда, деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев