"Рахман қайнары" мемлекетке қайтарылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-08-2024, 12:04 0

"Рахман қайнары" шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті. Бұл туралы ШҚО әкімдігі мәлімет таратқан.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

- 22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, - деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, "Рахман қайнары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар