Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт функционерлерін қатаң сынға алды


ЖАҢАЛЫҚТАР 27-08-2024, 14:00 0

27 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесуінде соңғы бес жылда спортқа бөлінетін қаржы екі есе өскенін, бірақ лайықты нәтиже жоқ екенін айтты.

Президент "бұл тиісті министрліктің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, облыстық спорт басқармалары мен федерациялардың жұмысында олқылық көп әрі өзара үйлесімді жұмыс жоқ"деп есептейді.

Қазіргі жағдайға қарасақ, спорт функционерлеріспортты дамытумен емес, миллиардтаған бюджетті игерумен әлек. Спорт саласында сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркеледі. Бұл отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің имиджіне де орасан зор зиянын тигізуде, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Сонымен қатар мемлекет басшысы спорттың жекелеген түрлерін қолдау бойынша өз бетінше шешім қабылдайтын өңірлерді сынға алды. 

Үкіметке жағдайды бақылауға алып, спортқа қатысты мекемелердің барлық деңгейіндегі басқару вертикалін қалпына келтіру  тапсырылды.

Сондай-ақ президент Қазақстандағы және шетелдегі спорт қауымдастығы арасында Ұлттық Олимпиада комитетінің беделін көтеру міндетін жүктеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңыздылығына тоқталды. 

– Кең ауқымды спорттық жарыстарды өткізу терең тарихтан бастау алған бірегей қазақ мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл дүбірлі-дода түрлі халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ. Көшпенділер ойындары қоршаған ортаны сақтау, Қазақстанның жасыл елге айналуы және оны абаттандыру сияқты тақырыптарды көтеруге  мүмкіндік береді. Біз барлық салада бір-бірімізге тілектеспіз. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бауырлас елдердің мызғымас бірлігін одан әрі нығайта түседі, - деді мемлекет басшысы. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар