Мореналық көлдерге зерттеу жүргізілді - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-08-2024, 16:28 0

"Қазселденқорғау" ШҚО филиалының Риддер ӨПБ қызметкерлері 8 көлге көзбен шолу, аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізген. Олар жолдардың күрделілігі мен тіктігіне байланысты салт атпен шыққан. 

- Зерттеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер көлдердегі су деңгейі норма шегінде екенін анықтады. Эрозиялық үрдістер мен сырғыма көріністерінің ағын суларға әсері анықталмады. Сел жағдайы тұрақты. Көлдің бұзылу қаупі жоқ. Көлдердегі су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес, - деді "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков. 

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 144 мореналық көлдер бар, олардың 30-ы Риддер қаласының маңында Громотуха өзенінің бассейнінде орналасқан.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар