Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 144 мореналық көл бар. Оның 30-ы Риддер қаласының маңындағы Громотуха өзені алабында орналасқан.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалыныңРиддер ӨПБ қызметкерлері жер бедерінің тіктігі мен күрделілігіне байланысты арбалы көлікпен 8 көлге көзбен шолу, аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізді.
– Зерттеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер көлдердегі су деңгейі қалыпты деңгейде екенін анықтады. Эрозиялық үрдістер мен сырғыма көріністерінің ағын суларға әсері анықталмады. Сел жағдайы тұрақты. Көлдердегі су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес, - деді "Қазселденқорғау" филиалының басшысы Советбек Станбеков.