Қаржы мониторингі агенттігі 23 тамыз күні онлайн-казино ұйымдастырып, адамды заңсыз бас бостандығынан айырды деп күдікке іліккен 2 Қазақстан азаматы, 1 Ресей мен 1 Украина азаматына халықаралық іздеу жариялады.
Олар:
- Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
- Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
- Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
- Қазақстан Республикасының азаматы Мұсалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.
– Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында "1WIN" онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгеге тең, – делінген қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Іздеудегі адамдарды көрген не олар туралы ақпарат білетіндер осы нөмірлерге хабарласа аласыздар:
+7-701-577-56-83 – іздеу жұмыстары бойынша,
+7-701-121-47-65 – іздеу жұмыстары бойынша,
+7-727-279-20-86 – кезекші бөлім,
1458 – call-орталығы.
Қаржы мониторинг агенттігі анонимділік сақталатынына кепілдік берді және сыйақы берілетінін хабарлады.