Қара Ертістің айдынына Сібір бекіресі қайта оралады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:42 0

Қара Ертіс өзеніне сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық – Сібір бекіресі жіберіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Айдынды балықтандыру жұмысы 12 маусымда басталған. 20 маусымға дейін Күршім ауданындағы Боран ауылының маңында Қара Ертіске бір-екі жастағы 61 350 дана Сібір бекіресі жіберіледі.

Сирек кездесетін бұл балық түрі Ертіс бассейнінің тарихи «тұрғыны» саналады. Популяцияны қалпына келтіру мақсатында балықтандыру «OstFish» ЖШС арқылы мемлекеттік тапсырыспен жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Сібір бекіресінің саны су электр станциялары салынған соң күрт азайды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив