Биыл Мұзтау жаққа баратын туристерге бақылау күшейтіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-05-2024, 10:57 0

Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында белгілі болды.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі Виктор Филатов туристік фирмалар өкілдерінен Ресей тарапымен алдын-ала келісу үшін Мұзтауға баратын туристер тізімін жедел түрде беріп тұруды сұрады.
«Шекара режимі мен мемлекеттік тыныштықтың бұзылмауы үшін туристік топтардың қауіпсіздігіне назар аудару қажет», - деп атап өтті Виктор Филатов. - ҚХР туристерінің негізгі баратын жері – шекаралық аймақтың бір бөлігі болып табылатын Марқакөл көлі үшін рұқсаттама алу қажет емес, бірақ жеке басын куәландыратын құжаттар болуы керек. Егер туристер шекаралық жолаққа жақын маңайға баратын болса, онда рұқсаттама қажет болады». 
Сондай-ақ, Шекара қызметі өкілінің айтуынша, рұқсат алу үшін өтінішті кемінде 10 күн бұрын берген жөн. Берілген өтініш шамамен 3-4 күнде қаралады.
Талқылау барысында тараптар аталмыш жұмысты жеделдету және жақсарту үшін өтініштер WhatsApp арқылы қабылданатынына келісті. Кейін құжаттардың түпнұсқасын әкелуге болады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив