Өскеменде «Чемпиондық рух» жобасы аясында спорт жұлдыздары ашық аспан астында таңғы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Чемпиондық рух» жобасы еліміз бойынша кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Бұл – жай ғана жаттығу емес, бұл – ұрпақтарды біріктіретін, мінезді шыңдайтын қозғалыс.
Ертең облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында таңғы сағат 08.00-де жаттығу ұйымдастырылады.
Іс-шараға дзюдо және самбодан Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шебері Руслан Ақтаев, дзюдошы Руслан Закарьянов, слаломшы Екатерина Смирнова, боксшы Александр Милейко және басқа да спортшылар қатысады.