Облыс орталығында 21 маусым күні «Сабантой» мерекелік шарасы өтеді,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстан облысы сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының Сол жағалау кешенінде өтетін іс-шараға Татарстаннан келген әртістер, облыстық этномәдени бірлестіктер мен Халық Достығы үйі ұжымдары қатысады.
Сонымен қатар балалар мен ересектер ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысады.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға сыйлықтар табысталады.
Мерекелік шара сағат 12.00-де басталады. Кіру тегін.