Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 21 тамызда өткен мұғалімдердің тамыз конференциясы аясында оқу жылының басталуын дүйсенбі, 2 қыркүйекке ауыстыруға болама деген сұраққа жауап берді.
Бұл мәселені журналистер көтерді. Себебі биыл 1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр.
- Жоқ, ауыстыру болмайды. Бұйрық қазірдің өзінде шығарылды және барлық мерекелер, жергілікті жерде және оқу жылының соңы өзгеріссіз қалады, — деді Ғани Бейсембаев.