ШҚО-да "Арман қала – 25" акциясы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:42 0

ШҚО тұрғындары қалаларды дамыту бойынша идеялар ұсына алады. Өйткені 25 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан қалаларында өмірді жақсартуға бағытталған «Арман қала-2025» бастамасы шеңберінде ұсыныстар жинау басталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Акцияны өңірдегі ең ірі тау-кен металлургиялық компаниясы – "Қазмырыш"ұйымдастырады. 

Естеріңізге сала кетейік, акция алғаш рет 2023 жылы басталған болатын. Оның аясында ірі елді мекендерде абаттандыру және өмірді жақсарту бойынша Шығыс қазақстандықтардан ұсыныстар жиналды. Ең танымал жобалар Қазмырыш пен облыстық әкімшілік арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға негіз болды. Нәтижесінде ауруханаларда жаңа заманауи жабдықтар пайда болып, Денсаулық сақтау және білім беру нысандарының бір бөлігі жөнделді, абаттандыру жүргізілді.

Акция биыл қайта басталды. "Арман қала-2025"-ке Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянск тұрғындары қатыса алады. Ол үшін сіздің идеяңызды және оның бағытын көрсете отырып, қарапайым сауалнаманы толтыру жеткілікті. Қосымша ақпарат пен сауалнамаға сілтемені акцияның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан табуға болады – Instagram.com/arman__qala.

Ұйымдастырушылар денсаулық сақтауды, білім беруді, қалалық инфрақұрылымды, мәдениет пен өнерді, спортты, салауатты өмір салтын және бос уақытты дамытуға байланысты ұсыныстарды күтуде. Коммерциялық бастамалар қарауға қабылданбайды.

Жиналғаннан кейін барлық ұсыныстар акцияның ресми Instagram парақшасында жарияланады. Бұдан әрі бастамаларды сараптау комиссиясы қарайды, оған Қазмырыш, жергілікті мәслихаттар мен атқарушы билік, жұртшылық өкілдері кіреді.

Үздік идеялар алдағы жылдары іске асыру үшін Қазмырыш пен әкімдіктер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға енгізілетін болады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив