Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммитінде «оқушылар 1 қыркүйекте мұғалімдеріне гүл сыйлай ала ма?» деген сұраққа жауап берді.
– Тәттілер туралы ойлану керек, әркімнің тәттіге келгенде өз қалауы бар. Оқушылардың ұстазына шын көңілден, ризашылықпен гүл сыйлауы дәстүрге айналып кетті. Гүл мәселесін ары қарай талқылау қажет деп ойламаймын. Әркімнің талғамы әртүрлі. Гүлден асқан сыйлықты көріп тұрған жоқпын. Ұстаз ретінде мұғалімге шын көңілден берілген гүл ең жақсы сыйлық деп ойлаймын, - дейді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.