Ауыл аманаты бағдарламасы аясында 19 жоба жүзеге асады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:20 0

Катонқарағай ауданы бойынша 2025 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 19 жоба мақұлданды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2025 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасына 45 жоба жіберілді. Оның ішінде 19 жоба 219,8 млн теңгеге мақұлданды. 19 жобаның 13-і туризм бағыты бойынша. 

Мақұлданған жобалардың бағыттары:

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – 2 жоба, 9,3 млн теңге («Қадыролла А» ЖК сүт өнімдерін өңдеу, құрт жасауға арналған құрылғы сатып алу); 

– Өндіріс бағыты бойынша – 3 жоба, 17,9 млн теңге («Абдулова Г» ЖК ПЭТ бөтелкесін шығаруға арналған аппарат алу);

– Туризм бағыты бойынша – 13 жоба, 185,3 млн теңге («Катон Camp» ӨК (Черкасов С. кемпинг), «Кәрім Нұр Тур» ӨК (Қашағанов М. Этнотуризм);

– Ауыл шаруашылық техникасын алу бойынша – 1 жоба, 7,3 млн теңге. 

2025 жылы ақшасын толық игеріп, жұмысын жасап жатқан жобалар саны – 10. Осы жобалар арқасында 33 жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда. 

Айта кетейік, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, фермерлерді қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив