ШҚО-да көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан ҚР VII спартакиадасы өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 13:24 0

Өскеменде алғаш рет көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан спартакиада өтеді.

28-маусым күні О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының VII спартакиадасы өтеді. Жарыс сағат 10.00-де басталады.

Жарысқа алты облыстан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан келген 33 спортшы қатысады.

29-маусым сағат 10.00-де спартакиаданың жабылу салтанаты болады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив