Қазақстан тауына санитарлық-гигиеналық модульдер орнатылады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:40 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Қазақстан» тауы аумағындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды шешуді тапсырды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

 Өскемендегі Мемлекеттік рәміздер тауы – қаланың ең танымал көрікті орындарының бірі. Алайда, бүкіл аумақта бірде-бір санитарлық торап жоқ. Келушілер үшін дәретхана да, қарапайым жағдай да жасалмаған.

– Бұл жай ғана серуендеу алаңы емес. Тауда мемлекеттік рәміздер орналасқан, бұл – Өскемен қаласының бет-бейнесі. Біз қаланың қонақтарын ең қарапайым жағдай жасалмаған жерге шақыра алмаймыз, – деді облыс әкімі.

Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыру мәселесі қаралды. Осы жиында Нұрымбет Сақтағанов «Қазақстан» тауын абаттандыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Ең алдымен, жедел түрде санитарлық-гигиеналық модульдерді орнату тапсырылды. Сонымен қатар, аумақты тұрақты түрде тазалап, тауға қосымша орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату жоспарланды. Жайлы демалыс үшін жағдай жасау бойынша тапсырмалар берілді. 

Тапсырмаларды орындауға қала әкімдігі, ішкі саясат басқармасы жастар ұйымдарымен бірлесіп, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашық басқармасы жұмылдырылды. Жұмыстардың мерзімі нақты белгіленді.

Олардың орындалуы қатаң бақыланатын болады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив