Қазақстанда цифрлық сот орындаушы іске қосылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 21-08-2024, 14:30 0

Әділет министрлігі Қазақстанның бүкіл аумағында  цифрлық сот орындаушысының іске қосылғанын мәлімдеді.

– Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда, азаматтар жеке сот орындаушының қызметі үшін айыппұл сомасына қосымша 25% қаражат төлеуге міндетті болған. Енді азаматтар осы шығындардан және жеке сот орындаушысына барудан босатылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі сомадағы оңайлатылған өндіріске азаматтар EGOV Mobile-да іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар 1414-тен SMS хабарламалар мен push-хабарламалар алатын болады. Халыққа ыңғайлы болу үшін барлық қамтамасыз ету шараларын (тыйым салу) автоматты түрде алып тастай отырып, берешекті онлайн төлеу қолжетімді. Осылайша, адами фактор толығымен алынып тасталады, - дейді әділет министрлігі.

Цифрлық сот орындаушы жүйесі қазақстандықтарға шамамен 5,5 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

– Бұдан былай сот орындаушыларымен байланысудың қажеті жоқ, барлық әрекеттер онлайн режимде жүзеге асырылады, іс жүргізуді тоқтату және қамауға алуды тоқтату үшін түбіртек пен басқа да растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ, - деп түсіндірді әділет министрлігіндегілер.

Бұл робот сот орындаушы іске қосылған кейін сот орындаушылар жұмыссыз қалады деген сөз емес. Олардың цифрлық әріптесі тек жеңілдетілген өндіріспен айналысады. Ал егер 30 күн ішінде атқарушылық құжаттың (оңайлатылған іс жүргізу бойынша) талаптары орындалмаған жағдайда, іс жеке сот орындаушысына орындауға берілетін болады және одан кейінгі атқарушылық әрекеттер комиссияны өндіріп ала отырып, жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар