Сібе көлдеріндегі муниципалды жағажайдың ашылуы өтті.
Сібе көліне демалуға келген облыс тұрғындары мен қонақтарының қарасы көп. Келушілер үшін концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kzтілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев атап өткендей, маусым басталар алдында муниципалды жағажайдың аумағы толығымен абаттандырылды. Нысандағы балалар алаңының құрылысы жаңартылып, жағажайға құм төселді.
Сібе 5 көлден тұратын көпшілікке белгілі көл жүйесі. Таза және мөлдір су аудан тұрғындары мен қонақтарының, сондай-ақ кәсіби дайверлердің сүйікті демалыс аймағы.