Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиевтің айтуынша, шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайдың аумағы толығымен абаттандырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Нысанда балаларға арналған ойын алаңының құрылымы жаңартылып, құм төселді, ал жағалау қамыстан тазартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Сібір көлдері бес көлден тұрады: Садыркөл, Төртқара, Шалқар, Қоржынкөл және Қаракөл.
Өскеменнен негізгі жағажай орналасқан Шалқар көліне дейінгі қашықтық шамамен 85 шақырым.