ШҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-08-2024, 11:56 0

Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты ҰҚК материалдарының негізінде жергілікті тұрғынға "терроризмді насихаттады" деген айыппен үкім шығарды.

-Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды. Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив