Шығыс Қазақстан облысында екі сепаратист түрмеге қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
– Мемлекеттік айыптаушы соттан әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған адамдар бес жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген сейсенбідегі хабарламада.
Өскемен қаласының № 2 сотының шешімімен ШҚО-ның екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік алауыздықты тудырған жарияланымдары мен түсініктемелері үшін сотталған.
Тергеу барысында аталған адамдардың 2024 жылғы ақпанда интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстаннан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттілігі туралы идеялар мен сенімдер айтқаны анықталды.
– Референдумда оң нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда аумақты күштеп басып алу насихатталды, - делінген хабарламада.
Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, өкінгені аталып өтеді.