ШҚО дәрігерлері аз инвазивтік эндоскопиялық операциялар тәжірибесін кеңейтуде


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-08-2024, 10:42 0

№4 қалалық аурухананың эндоскопист-дәрігері Әділ Джадринов эндоскопиялық қызмет және эндоскопиядағы жаңа әдістер туралы бөлісті.

- Біріншіден, міндетті медициналық сақтандыру аясында аз инвазивті эндоскопия бар екенін атап өткен жөн. Биылғы жылы біз Шығыс Қазақстан облысы үшін жаңа әдіс болып табылатын аз инвазивті эндоскопиялық операцияларды жасадық. Атап айтқанда, №4 қалалық ауруханада өңеш тамырларын байлау бойынша 5 ота жасалды. Өңеш тамырларын байлау - эндоскопиялық технологияларды қолдану арқылы орындалатын аз инвазивті операция. Жоғары тиімділігі, ауыртпалықсыздығы және жарақатсыздығы арқасында бұл әдіс бауыр ауруларында болатын порталдық гипертензияны кешенді емдеуде «алтын стандартқа» айналды, - дейді дәрігер.

Қан тамырларын байлау қан кетудің алдын алуға көмектеседі. Бұл әдіс пациент үшін ең қауіпсіз және әлемдік тәжірибеде көп пайдаланған.

Көпсалалы онкология және хирургия орталығында онкологиялық хирургия бөлімшесі жоспарлы аз инвазивті эндоскопиялық операцияларды жасайды. 25-тен астам эндоскопиялық полипектомия жасалды.

- Эндоскопиялық полипэктомия – икемді эндоскоптың көмегімен асқазан-ішек жолындағы эпителий ісіктерін жоюға мүмкіндік беретін аз инвазивті хирургиялық әдіс. Ерте диагностика жасау және ауруды дер кезінде анықтау асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктерінің өсуін болдырмаудың ең жақсы алдын алу болып табылады, - деп еске алды Әділ Джадринов.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив