1 қыркүйектеп бастап мектептерде "Цифрлық мұғалім" жобасы жүзеге асады


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-08-2024, 12:00 0

Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын жаңа жоба туралы хабарлады.  

Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауы негізінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған "Цифрлық мұғалім" жобасы  жүзеге асады.

"Цифрлық мұғалім" жобасы электронды платформалар мен цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жоба Қазақстан бойынша шамамен 2000 оқушыны қамтиды деп жоспарланып отыр.  

– Бұл жоба аясында әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушыларға қорытынды емтихандарға дайындалуда қолдау көрсетіледі. Оқушыларға цифрлық оқу материалдары мен қосымша сабақтар қолжетімді болады, - дейді Оқу-ағарту министрлігі. 

Сонымен қатар, "Цифрлық мұғалім" жобасын жүзеге асыру үшін "Жол картасы" әзірленді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив