сурет: pixabay
5 тамыз күні Оқу-ағарту министрлігі тегін және жеңілдікпен тамақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейтінін хабарлады.
Оқу-ағарту министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп «eGov Mobile» мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Жоба ата-аналарға қызметті белсенді түрде қолдануға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді.Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтануды есепке алу және бекіту жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Әлеуметтік әмиян» арқылы іске қосылған пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында, Алматы, Шымкент қалаларында сынақтан өтті. Мектептердің дайындығына қарай қалған мектептерде бұл жоба біртіндеп іске қосу жоспарланып отыр.