Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтер жанды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт кезінде 19 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өрт сөндіру жасақтары түтін аймағынан 18 тұрғын, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Өрт 30 ш.м. алаңда оқшауланды. Жанып жатқан пәтерден 1946 жылы туған үй иесі шығарылып, емдеу мекемесіне жеткізілді.