Жоғары өлім-жітімнің басты себебі – халықтың жастық құрылымында. Яғни, егде жастағы адамдар үлесі көп. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 106 111 бала туылып, 42 628 адам қайтыс болған. Осылайша, Қазақстандағы табиғи өсім 63 мыңнан астам адамды құрады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
"НК" дерегінше, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, соңғы бір жыл ішінде Қостанай облысында өлім-жітім көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 10,10 болған. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Алғашқы қатарда Солтүстік Қазақстан облысы (11,51) мен Шығыс Қазақстан облысы (11,25) тұр.
Қостанай облысының халқы – 824 624 адам, бұл Қазақстан халқының шамамен 4,1%-ы. Облыстағы қалалық халықтың үлесі 63%-дан асып, бұл республикалық орташа көрсеткіштен (56%) жоғары. Бұл аймақта урбанизация деңгейі ел бойынша орташа деңгейден жоғары екенін білдіреді.
2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қостанай облысында 1922 нәресте дүниеге келіп, 1863 адам көз жұмған. Осылайша, табиғи өсім небары 59 адамды құрады. Бірақ бұл жағымды тенденцияны көрсетеді: өлім-жітім деңгейі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға төмендеген.