Өңір бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқартылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:27 0

Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың қысқаруына байланысты өңірлік бюджетті нақтылау қажет болған. Үкіметтің 2025 жылғы 8 мамырдағы №314 қаулысына сәйкес, республикалық субвенция мен нысаналы трансферттер 27 миллиард теңгеге азайтылған. Соның ішінде 6,7 миллиард теңге – нысаналы трансферттер үлесінде, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бүгін облыс орталығында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы өтті. Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Динара Жұманова қаржы құжатындағы түзетулердің мән-жайын түсіндірді.

Жиында қаржыны тиімді басқару, шығындарды оңтайландыру және үнемделген қаражатты қайта бөлу жолдары айтылды. Динара Жұманованың мәліметінше, облыстық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындарын қайта қарап, 19,1 миллиард теңге, ал аудандық және қалалық деңгейдегі бюджеттерден 7,9 миллиард теңге үнемделіп отыр. Жалпы сомасы – 27 миллиард теңге республикалық қазынаға кері қайтарылмақ.

Ол бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсау басты назарда болатынын, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін нақты қадамдар жасалып жатқанын жеткізді.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив