ШҚО-да жаңа технологиялар мен селекциялық сорттар өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Өткен жылмен салыстырғанда өнімділік екі есеге артқан.
Глубокое ауданының Тарханка ауылында орналасқан «Семена Масличных» шаруа қожалығы 20 жылдан астам уақыттан бері ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысып келеді. Өз алқаптарына бидай, арпа, қарақұмық, күнбағыс отырғызумен айналысады. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Семена Масличных» шаруа қожалығы биыл зығыр тұқымдары шығарып, егін алқаптарына отырғызды.
Соңғы бірнеше жылда шаруа қожалығының өнімділігі жаңа технологиялардың арқасында артты: жаңа агротехника, заманауи тыңайтқыштар, пайдаланылады, бұл өнімді өсіруге ғана емес, сонымен қатар сақтауға да көмектеседі.
– Біздің шаруа қожалығымыз тұрақты дамуы үшін біз жаңа сорттарды енгізіп, сынақтар жүргізіп, жаңа технологияларды топырақты өңдеуге де, астық жинауға да қолданудамыз. Өткен жылдан бастап жаңа комбайндар пайдаланыла бастады, олар гектарынан түсетін өнім көлемін онлайн-режимде көруге мүмкіндік береді. Бұл егістік бедерін қадағалауға көмектеседі. Біз жаңа комбайндардың арқасында белгілі бір учаскеде не жетіспейтінін бірден түсінеміз, - дейді «Семена масличных» ЖШС директорыФедор Цыбенко.
Шаруа қожалығы бір гектар жерден 35-тен 45 центнерге дейін өнім алады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Сонымен қатар, шаруа қожалығы жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаппай егін жинау жұмыстары тамыз айының аяғына таман басталады.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің басшылығымен салалық министрліктер, әкімдіктер мен аграрийлер арасында үйлестіру және бақылау үшін егін жинау науқанын өткізу бойынша жедел штаб құруды тапсырды.
– Сапалы жинау және астықты сақтау ел үшін ерекше мәнге ие. Туындаған барлық сұрақтарды күн сайынғы режимде пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп егін жинау жұмыстарының барысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету де маңызды, - деді Премьер-министр Олжас Бектенов.