Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-08-2024, 12:51 0

Олимпиаданың жабылу салтанаты кеше сағат 23:15-те болды. 

Әлішер Ерғали Қазақстан үшін медаль алып келуі мүмкін болған соңғы спортшы еді. Алайда балуан ирандық Әмір Азапиреге есе жіберді.

Нәтижесінде, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.

Алтын:

- Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

Күміс:

- боксшы Нұрбек Оралбай,

- гимнаст Нариман Құрбанов,

- грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс иеленді.

Қола:

- дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев,

- боксшы Назым Қызайбай,

- нысана көздеушілер Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жеңіп алды.

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41 орында тұр.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив