Бос орындар balabaqsha.snation.kz порталында жарияланады:
- 12.08-14.08 аралығында – мәртебелі қолжетімділікте;
- 15.08 – жалпы қолжетімділікте.
«Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы электронды жолдаманы balabaqsha.snation.kz порталынан ала алады. Жолдама 5 жұмыс күн жарамды. Осы уақытта балаңыз медициналық тексеруден өтуі керек», деп хабарлады ШҚО Білім басқармасы.
Осыдан кейін balabaqsha.snation.kz порталы арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып, "Балабақшаға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау" қызметіне өтініш беру керек:
- № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;
- № 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;
- № 027/е нысанындағы анықтама;
- ПМПК қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) электронды көшірмесі;
- әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
- ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).