5 тамызда Риддер қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Тоқтаров көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткен.
- Полиция қызметкерлері мен еріктілер 10 жастағы Евгения Куимованы іздестіріп жатыр, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қыз орта бойлы, арық денелі, қоңыр көзді, қоңыр шашты, сондай-ақ джинсы шалбар, ақ кроссовка, айдаһар салынған қара жейде киген және қолында қара дақтары бар ақ сөмке болған.
Жоғалған қыз туралы қандай да бір мәліметті білетін азаматтардың полицияға хабарласуын сұраймыз.