Өскеменде «Made in Oskemen-2024» көрмесі өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 10:49 0

Тамыз айында өтетін көрмеде жергілікті кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынады. Көрменің мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ сатудың жаңа тәсілдерін табуға көмектесу.

«Шараға барлық қызығушылық танытқан шағын, микро және орта бизнес субъектілері қатыса алады», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Қатысу үшін «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне o.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz, pred-uk@mail.ru электронды поштасына өтінімді жіберу қажет немесе  8(7232 )26-22-84, WhatsApp 8-771-43-72-797 (Гүлнәр), 8-707-67-18-494 (Әсемгүл) нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар