Шығыс Қазақстанда қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталды.
Алғашқы іс-шараның бірі – өңірдің жоғары оқу орындары арасында өткен флешмоб болды. Облыстың жастары «Дропперлерге NO!» ұранымен акция өткізді, осы арқылы олар өз құрдастарына күмәнді қаржылық схемаларға қатысудың қаупін еске салды.
Акцияның мақсаты — студенттердің назарын цифрлық алаяқтық мәселесіне аудару, заңсыз схемаларға тартудың алдын алу, мұндай схемаларда жиі сенгіш адамдар — дропперлер пайдаланылатынын ескерту. Жастар замандастарын саналы болуға және тартымды көрінгенімен, қауіпті ұсыныстарға алданып қалмауға шақырды.
Айта кету керек, олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде. Бұл жоба аясында 7 мен 11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырады. Іс-шаралар шамамен 32 мың студентті қамтиды деп күтілуде.
Негізгі мақсат — жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық кеңістіктегі қауіптерді танып, өз қаражатын қорғауды үйрету. Қатысушылар алаяқтықтың нақты жағдайларын зерттеп, киберқауіпсіздік әдістері мен жауапты қаржылық мінез-құлық принциптерін меңгереді.
– Жастар – елдің болашағы. Қаржылық құқықбұзушылықтар мен цифрлық алаяқтыққа қарсы тұру қабілеті тікелей олардың хабардарлық деңгейіне байланысты, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.