Қазақстандықтар 1 күн автокөліксіз жүреді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:25 0

"Автокөліксіз күн" челленджі республика бойынша өткізіледі. Аталған челлендж 22 шілдеде өтеді. Челлендждің мақсаты – ауаның ластануын азайту, экологиялық және спорттық өмір салтын насихаттау, шу деңгейін төмендету, қоғамдық көлікті дамыту. Бұл қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандырады, оның дамуына және инфрақұрылымының жақсаруына әкеледі. Сондай-ақ, физикалық белсенділік пен адамның денсаулығын жақсартады.

Челленджге кез келген адам қатыса алады. Қатысу үшін не істеу қажет?

1. Күні бойы көлігіңізді пайдаланбаңыз. Қоғамдық көлікті, велосипедтерді, скутерді пайдалануға немесе жаяу жүруге рұқсат етіледі.

2. Фотосуреттер мен бейнелерді жіберу. Қатысушылар әлеуметтік желілерде #КөліксізКүн челлендж хэштегтерімен көліксіз жүріп-тұрған суреттерін немесе бейнелерін бөлісіп, ұйымдастырушыларды @birgemiz_taza_alem2022 белгілеуі керек.

Айта кету керек, мұндай челленджді ұйымдастыру және өткізу қоршаған ортаны жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, адамдардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастырады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив