"Барселона" футзал клубының ойыншысы Семейге ауысып келді


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-07-2024, 11:16 0

Енді «Семей» футзал командасының сапында Феррао лақап атымен танымал Карлос Вагнер Гуларте Фило өнер көрсетпек. Бұл туралы fcsemei ресми парақшасында хабарланды. 
Есте салайық, биыл семейлік клуб ел біріншілігінде топ жарып, алғаш рет чемпион атанған болатын. Соған сәйкес, Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Бүгінде команда басшылығы құрамын тәжірибелі футзалшылармен толықтырып жатыр. Жуырда командаға танымал қазақстандық қақпашы Лео Игита қосылған еді.
Феррао 1990 жылдың 29 қазанында дүниеге келген. Спортшы «Жоинвилл», «Атлант» «Фаррупилья», «Тюмень» клубтарында доп тепті. 
2014 жылдан бері «Барселона» командасының намысын қорғаған.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар