Қазақстанның бірінші лигасында ойнайтын Өскемендік "Алтай” футбол командасы "Ақтөбе-Жастар" командасын 4:1 есебімен жеңді. Жарыс 23 мамырда болды. Әзірге жарыстың сегізінші туры өтіп жатыр.
Бұл ойында ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Сергей Хижниченко хет-трик жасап көзге түсті. Ал төртінші допты Гаврил Кан соқты. Бұл “Алтай” сапындағылардың нәтижесі.
Жеңілген команда жақтан Мейрам Киікбаев гол авторы атанды.
Қазіргі уақытта "Алтай" 4 ұпай жинады. Кестеде 14-ші орында. Ақтөбе-Жастар болса 15-ші орында. Жалпы бірінші лигада 16 команда бар.
32 жастағы Хижниченко 2009 жылдан 2020 жылға дейін ұлттық құрамаға шақырылған. Ал клубтар арасында Қазақстанда “Ақсу", "Ордабасы", "Астана", "Шахтер" (Қарағанды), "Тобыл", "Ақтөбе", "Атырау" клубтарында, Беларусь елінде "Шахтер", Польшада "Корона" командасының сапында ойнады.