Шығыста суға шомылуға рұқсат етілген 22 учаске белгіленді


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-06-2024, 15:41 0

Өңірде биылғы жаз маусымында демалушыларға суға шомылуға рұқсат етілген 22 учаске белгіленіп, 74 орынға тыйым салынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталған 22 учаске бойынша тексеру жүргізіп, қауіпсіздік шараларын пысықтап шықты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты. 

– Демалушылар су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы ережелерді қатаң басшылыққа алуы қажет екенін атап өткім келеді. Тұрғындар тек жабдықталған жағажайларда шомылса қауіп-қатер де азаяды. Биыл облыс аумағында алты бірдей коммуналдық жағажай жұмыс істейтін болады. Оның екеуі Алтай ауданында, тағы екеуі Өскеменде. Ал қалған екеуі Ұлан ауданы мен Риддерде орналасқан. Бұл жағажайларда дайындық жұмыстарын жүргізіп, аумақты тазалап, рұқсат етілген аумақтың шекарасын белгіледік, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Дәурен Ағажаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив