Өскеменнен Өзбекстанға тікелей әуе рейстері ашылады

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-07-2025, 17:50 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасында агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, туризм саласында осы маусымда Өскемен – Ташкент – Самарқанд – Бұхара бағытындағы пойыз бағыты қайта жанданады, сондай-ақ облыс орталығынан Өзбекстанға тікелей әуе рейстері ашылады. Өз кезегінде, өзбекстандық тарап өз еліндегі танымал туристік бағыттар туралы ақпаратпен бөлісті.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында Шығыс Қазақстаннан Өзбекстанға өсімдік майы мен бал экспортын ұлғайту бағытында жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр.

Іскерлік әріптестіктің өзге де бағыттарының қатарында – Өзбекстанда салынатын АЭС үшін ядролық отын жеткізу мүмкіндігі және өндірістік қалдықтарды көму мен қайта өңдеу саласында тәжірибе алмасу қарастырылып отыр. 

– Конструктивті диалог аясында бірқатар негізгі бағыттар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру Шығыс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты жаңа, стратегиялық маңызды деңгейге көтереді, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив