ШҚО-да сумен жабдықтау бойынша 27 жоба жүзеге асып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:23 0

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің отырысында энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлімдеді. ол 2025 жылы жалпы құны 45,2 млрд. теңге болатын 27 жобаны іске асыруға 14,4 млрд. теңге (РБ – 10,9 млрд. теңге; ОБ – 3,5 млрд. теңге)бөлінгенін атап өтті.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 29,3 млрд. теңге, 11,9 млрд теңге сомаға 16 жобаны аяқтау жоспарланған, оның ішінде 8 жоба (Өскемен қаласы Комсомол кенті; Катонқарағай ауылы; Үлкен Нарын ауылы; Ұлан ауданы Отрадное ауылы, Бозанбай ауылы, Асубұлақ ауылы; үлкен Өзен ауылы, Шемонаиха ауданы Березовка ауылы) халықтың ауыз суға қол жеткізу көрсеткішіне әсер етеді.

Бүгінгі таңда жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Алайда, 1 объект бойынша (Ұлан аудандарының Бозанбай ауылы) жұмыс жүргізу кестесінен 20 күнге артта қалушылық бар.

– Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету және сумен жабдықтау желілерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыстық бюджеттен 2 995,1 млн.теңге сомасында қаржыландыру қажет, – деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив