«Bizdiң Өskemen» қоғамдық-саяси желілік басылымының ұжымы Өскемен қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Осыған орай облыс орталығының басшысы қаланың өзекті мәселелерін жан-жақты әрі шынайы қамтығын редакция ұжымына алғысын білдірді. Сондай-ақ «Bizdiң Өskemen» желілік басылымының қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
– Қоғам игілі жолындағы белсенді қызметтеріңіз бен медиасаладағы кәсіби ұстанымдарыңыз үшін зор алғыс білдіремін, – деді Өскемен әкімі Алмат Ақышов.