шартты сурет
26 маусым күні Крылов көшесіндегі көпірдің оң жақ бөлігінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазіргі уақытта көпірдің сол жақ бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді Протозанов көшесіне және Әуезов даңғылына тек Үлбі көпірі немесе Мызы көшесінің бойындағы көпір арқылы ғана жетуге болады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, көпірдің сол жақ бөлігіндегі жөндеу жұмыстары 10-12 күнге созылады.
Айта кетейік, көпірдің оң жақ бөлігіндегі жөндеу жұмыстары аяқталған кейін Протозанов көшесінен Астана көшесіне қарай көлік қозғалысы қайта ашылды.