Үлкен Нарын ауданы Приморск ауылында жағажай аумағы абаттандырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Үлкен Нарын ауданы емдік-сауықтыру, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға қолайлы. Мұнда туристерді қабылдайтын алты нысан жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда: «Приморск» демалыс базасы, екі қонақүй, «Абзал» пантоемдеу орталығы, «Арайлы Шығыс» және «Сұңқар» балалар лагері. Алдағы уақытта елдегі жетекші кәсіпкерлердің бірі Свинчатка ауылында заманауи демалыс базасы салуды жоспарлап отыр.
– 2025 жылы Приморск ауылындағы жағажай аумағы, ауданға кіреберіс жолдар абаттандырылады. Туристік ақпараттық орталық маңы көркейтіледі, – деді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов.